17 тамыздан бері бұл топтар 3 599 рейд жүргізіп, 13 691 нысанды тексерген.
Шектеу шараларын бұзу фактілері 102 қоғамдық тамақтану объектісінде, оның ішінде 7 бар, 72 кафе, 19 мейрамхана және 2 түнгі клубтан анықталған.
Әкімшілік құқық бұзу туралы 102 хаттама толтырылды.
Облыс орталығында жүйелі тәртіп бұзушылар қатарында - «Терраса» кафесі, «Арнау» мейрамханасы, «Мангал» кафесі, «Малина» кафесі,«Tuda» бары, «Галерея» рестобары, «Pablo bar» кафесі, «Rocks»лаундж – бары, «Барс» мейрамханасы, «Сантос кофе хаус» кафесі, «Promenad» кафесі, «Шашлык №1» кафесі, «Pastila» караоке-бары, «Царские бани» моншасы, «Seven bar club» ойын-сауық кешені, «Coffeine» гриль-бары, «Лотос» кафесі, «Джаконда» мейрамханасы, «El casa» кафесі, «Челентано» кафесі, «Jelsomino» караоке мейрамханасы, «Сторис» караоке-бары, «Берландия» мейрамханасы, «Банный дворик» моншасы, «Орлан» спорт кешені, «Гараж» кафесі бар.
Екібастұз қаласында осы кезеңде 7 бұзушылық анықталды.
Карантин режимін бұзудың негізгі фактілері - топтық іс-шаралар өткізу, бетперде режимін бұзу, жұмыс кестесін бұзу және дезинфекциялық шараларды жасамау.