Жұма, 7 желтоқсан күні Павлодар қаласында Дүйсенбаев көшесінің бойында орналасқан жылу құдығында қоқыс өртенді.
Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнында 2 адамның денелері табылды (жеке тұлғалары анықталған жоқ).
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.