Павлодарда картоп бағасын тұрақтандыру шаралары қабылдануда
деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан. Картоп өнімінің аудандардан жеткізілімін кідірткен ұзаққа созылған аяздар мен көрші ресейлік нарықтағы картоп бағасының тартымдылығы Павлодарда «екінші нанның» бағасының қымбаттап кетуіне себеп болып отыр.
Облыстық штабтың мәжілісінде азық-түліктің негізгі түрлерінің қамтылуына мониторинг жүргізетін комиссия құрылды. Кәсіпкерлік бөлімі мен бақылаушы органдар сауда нүктелеріндегі картоптың бағаларын қадағалайтын болады.
Әлеуметтік дүкендер мен 47 сауда нүктесі «Павлодарлық» әлеуметтік-дайындау орталығына бекітіліп отыр. Олардағы картоптың бағасы 58 теңгені құрайтын болады. Ал Павлодар облысының «Заря» шаруа қожалығы қаладағы 27 сауда нүктесіне картоптың келісін 85 теңгеден жеткізетін болады.
"Павлодар ауданының Ақсу селолық аумағы мен Ақтоғай ауданының шаруашылықтарынан «Рахмет» базарына картоптың күнделікті жеткізілімінің кестесі әзірленіп отыр. Базарлардан өнім қаланың сауда нүктелеріне 75 теңге/келі көтерме бағамен жеткізіледі, үстеме бағаны есептегенде, бөлшек саудада картоптың келісі 91 теңгеден аспайтын болады", - дейді мамандар.
Оған қоса, Павлодарда апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, бұл шара да алыпсатарларды алып тастауға және өнім бағаларын 10-20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.