Жаңа жобаны мектеп психологтары, педагогтар, оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып жүзеге асырады.
Жоба медицина ғылымдарының докторы, профессор, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша білім беру бағдарламаларының кеңесші-жаттықтырушысы Юрий Россинскийдің «Ресурстарды басқару институты» ҚҚ- мен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге аспақ.
Б.Әділханованың айтуынша, бала мінезін түзеу, отбасылық қарым-қатынастарды тұрақтандыруға да жобаның пайдасы тимек. Кәсіби мамандардың мектеп психологтары мен ата-аналарды ай сайынғы оқытуы тегін. Бұдан басқа, жоба аясында Оқушылар сарайында жеке кеңес беру кабинеттері ашылады.