Павлодарда жұмысшыларға 737 млн теңге еңбекақы төлемеген кәсіпорын анықталды
ПАВЛОДАР.KAZINFORM - Павлодар қаласында прокуратураның араласуынан кейін 737 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтелді.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі.
Бас прокуратура мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында Павлодар қаласындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірінде 2025 жылғы қыркүйек айы үшін еңбекақы төлемеу фактілері анықталды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде бұл деректер дәлелін тапты. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 737 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы қысқа мерзім ішінде толық өтелді. Нәтижесінде 3 380 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.
– Павлодар қаласы прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, СҚО-да 104 млн теңгеге жуық еңбекақы қарызы қайтарылды.