«Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысының аумағында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты 2019 жылғы 9 ақпанда өтетін жәрмеңке болмайды», - делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.
Еске сала кетейік, 6-7 ақпанның түнінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 34-42 градусқа дейін қатты аяз күтілуде, кей жерде сынап бағаны 45 градусқа дейін төмендейді.