Павлодарда қатты дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырын жұлып әкетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыс орталығында бірқатар нысандардың шатыры табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана көшесі,143 мекенжайы бойынша «Дом печати» және Зеленстрой шағынауданындағы Дөнентаевкөшесі, 3 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйдің шатырлары ұшып кеткен. - Әзіргебасқа мекеме-ұйымдар мен аудандардан дауыл салдарынан зардап шеккені туралыхабарлама түспеді. Қазіргітаңда ТЖД қызметкерлері мен техникалар оқиға орнына шығуда, - дейдідепартаментте.

Десе де, әлеуметтік желі қолданушылары қаланың басқа нүктелерінен де ұшыпкеткен шатырлар түсірілген суреттер мен видеоларды жариялауда.
Әзірге дауыл салдарынанкелтірілген шығын көлемі белгісіз.
Айта кетерлігі, «112» қызметі Павлодар облысында 2 тамыз күні желдіңұйытқуы секундына 15-28 метрге дейін жететіні туралы ескерткен болатын.