Қызыл жалын 108 шаршы метрді шарпыған. Өрт сағат 9.15-те толығымен сөндірілді. - Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 26 адам мен тоғыз техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.
11:32, 21 Желтоқсан 2016
Павлодарда «Казан-мангал» дәмханасы отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда солтүстік өндірістік аумақта орналасқан "Казан-мангал" дәмханасы отқа оранды. Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 6.26-да жол үстіндегі бір қабатты тамақтану орнында өрт шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.