деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.
Қаза тапқан жауынгер-интернационалистер ескерткішінің алдында Ұлы Отан және ауған соғысының қатысушылары, қаза тапқан сарбаздардың аналары, жастар жиналды.
Шара барысында сөз алған қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов бұл оқиғаға қатысы бар адамдар мен олардың жақындарына үлкен төзімділік пен денсаулық, амандық, болашаққа деген сенім тіледі.
Жиынға қатысушылар № 5 мектептегі жауынгер-интернационалистерге арналған мұражайды көрді.
Осынау естелік датаға орай Естай атындағы Мәдениет сарайында қаланың шығармашылық ұжымдары концерт қойды.