Облыстық ТЖД ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай 29-қазан күні орын алған. Темір жолдың зақымдалуынан жанар-жағар майы бар екі темір жол цистерналары жолдан шығып қалды. 60 тонналық әуе керосины бар цистернаның біреуі төңкеріліп, төрт шаршы метрге 2643 келі әуе керосины төгілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
14:00, 31 Қазан 2017
Павлодарда керосин толы темір жол цистернасы аударылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әуежай-Павлодар» АҚ-ның кірме темір жолдарында әуе керосині бар екі темір циастерналары жолдан шығып қалып, біреуі аударылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .