«29 қыркүйек күні сағат 21:25-те Павлодар қаласындағы өндірістік цех жұмысшысына кірпіш әзірлейтін білдек құлады. Дене жарақаттарынан 58 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеріс жүріп жатыр.