Павлодарда қызылша жұқтырғандар саны төрт есе көбейген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңір бойынша жыл басынан 398 адам қызылша жұқтырған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп.

Фото: freepik.com

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруға шалдыққандардың дені - 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылшаның өршуіне тұрғындардың вакцинадан бас тартуы себеп.

Облыста профилактикалық екпені екі мыңнан аса адам алмаған. Дәрігерлер ата-аналарды балаларын уақытында вакциналауға шақырады. Себебі екпе - қызылша және басқа да қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы

- Профилактикалық шаралардың нәтижесінде маусым айында қызылша ауруының көрсеткіші 36 пайызға төмендеген болатын. Екпеден бас тартқан ата-аналармен жүргізілген жеке түсіндіру жұмыстары да тиімділігін көрсетті. Былтыр 639 балаға вакцина салынса, биыл 244 бала екпе алды, - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанова.

Бұған дейін Павлодарда 200-ден астам адам қызылша жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.