«14 қыркүйек күні сағат шамамен 16.55-те Торговая, 5/5 көшесіндегі сауда үйінің маңында «ГАЗель»-дің 47 жастағы жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай қалып, «Ауди А6» автомашинасымен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам дәрігер көмегіне жүгінді», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.
Факті бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.