Павлодарда көлік қаққан 46 жастағы ер адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Полиция департаментінен хабарланғандай, 1973 жылғы азамат жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қыркүйек күні Павлодар қаласында сағат кешкі 20.35 шамасында 19-шы автожолда 57 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2107» көлігімен жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 1973 жылғы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам көз жұмды», - деп хабарлайды Полиция департаменттен.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік айыппұл алаңына жеткізілген.