Кеше сағат 14.12-де оқыс жағдай орын алғаны туралы кезекшілік бөліміне сол жерде болған кәугерлер телефон шалып айтқан. - Бес қабатты тұрғын үйдің төменгі жертөлесіндегі студиядан 25 адам сыртқа өздігінен шыққан. Оның біреуі - бала. Сонымен қатар, бұл жағдайдан бейхабар үйінде отырған бір адамды төтеншеліктер пәтерлерді тексеру кезінде құтқарып қалды. Тілсіз жау сағат 14-34-те ауыздықталып, 15.26-да толығымен сөндірілген, - деді департаментте. Қызыл жалын 18 шаршы метр аумақты шарпыған.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 19 адам және бес техника жұмыс істеді.
Айта кетейік, өрт болған көпқабатты тұрғын үйде 15 ұйым орналасқан. Оның ішінде сирек кездесетін заттар дүкендері, дәріхана, интернет-дәмхана, тігін машинасын жөндейтін шеберхана, екі сұлулық салоны бар.