Жексенбі күні @kоlesa_pavlodarа және @tipavlo.dar пабликтері қайғылы оқиға болған орынның фотосуреттерін өз парақшаларында жария етті. Полиция аталмыш фактіні растағанымен, әзірше оқиғаның мән-жайлары туралы ақпарат таратпауда.
Тексерілмеген мәліметтер бойынша, «Естай, 134/1» мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамды атып өлтірген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар тұлғаны анықтап, ұстау жөніндегі жұмыстар қолға алынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Полицейлердің айтуларынша, оқиға туралы ақпарат Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделерін қорғау мақсатында жарияланбауда.