Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жасар қыз құлап кетті

Фото: фото - pavlodarnews.kz
Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жастағы қыз құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат @Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз Максим Горький көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлаған.

Оқиға бойынша шақырту 15-қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.

Мамандар 2009 жыылы туған қыздың өлімін тіркеді.