Павлодарда көркемсөз шеберлерінің орындауында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылды
07:41, 22 Қыркүйек 2011
ВЛОДАР. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өткен көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсы Мұқағали Мақатаев поэзиясының шығармашылық кешіе айналды.
Облыс қалалары мен аудандарынан бас қосқан 15-пен 30 жастың арасындағы тақпақшылар М.Мақатаевтың халқымыздың сүйіспеншілігіне бөленген жырларының тиегін ағытты. Ақынды өмірдің мәні, уақыт пен адамзат, халық тарихы мен тағдыры толғандырды. Ол өзінің соңына бай мұра қалдырды, Мұқағали жыры оның талантын қастерлеген халқымен бірге жасап келеді.
Конкурстың бас жүлдесі Павлодарлық Айбек Қалиға тапсырылды, ол ақынның жүрек қылын шертетін поэзиясын асқан шабытпен орындады. Жүлдегерлер арасында Өспен ауданынан - Медет Тауасқанов пен Баянауылдан - Мәдина Сілеусін бар.