Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 57 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Полицейлер ел аумағында болу заңнамаларын елемей, ережелерді бұзған шетел азаматтарын әлі де анықтап жатыр.

Облыс аумағында 13 қазаннан бастап «Заңсыз келуші -2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізіліп жатыр. Іс-шара мақсаты — заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды жұмылдыру. 

— Тәртіп сақшылары 57 шетелдік азаматтың ел аумағында болу ережелерін бұзғанын анықтады. Олардың барлығы жауапқа тартылды. Мысалы, Павлодар облысының Ертіс ауылында жеке визамен келген көрші мемлекеттің азаматы анықталған. Заңда белгіленген мерзімде ол республикадан тыс жерлерге шыққан жоқ. Көші — қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, аса ірі көлемде жемқорлық жасап, жасырынып жүрген күдікті шетелде ұсталды.