Павлодарда көшедегі дәретханаға 2 жасар қыз құлап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Оқыс оқиға Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған, деп хабарлайды pavlodarnews.

«3 шілде күні сағат 13:25-те Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты. Құтқарушылар дәретхананың еденін ашты. Альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

15.04.2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды. Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.