Өрт сөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің дүңгіршектері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі, келтірілген залал анықталуда.
Жалын шарпыған аумақ көлемі 350 шаршы метрді құрайды.
Өрт сағат 15.06-да сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары 42 адам және 13 техника жұмылдырылды.