Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада әйел 19 ақпан күні орталық өнеркәсіп аймағындағы жылу оқшаулағыш құдыққа құлағаны айтылған.
- Құдыққа құлаған 35 жастағы әйелді құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар қолдана отырып, шығарып алды. Әйел бірден дәрігерлердің бақылауына берілді, - делінген баспасөз хабарламасында.
17:57, 21 Ақпан 2022
Павлодарда құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тереңдігі үш метрден асатын құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.