Павлодарда құлағалы тұрған ескі мектептің орнына жаңасы салынды

Павлодар облысының Моисеевка ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа білім ордасы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Фото: Валерий Бугаев

Мағжан Жұмабаев атындағы жаңа білім ошағы Ұстаздар күні қарсаңында есігін айқара ашты.

Моисеевка ауылындағы тозығы жеткен жарты ғасырлық ғимараттың орнына заманауи білім беру мекемесі бой көтерді.

Фото: Валерий Бугаев

Естеріңізге салайық, биыл қыста өңір басшысы Асайын Байханов Ертіс өңірінің ауылдарын аралау кезінде құлау қаупі болғандықтан төбесін бөренемен тіреп қойған жергілікті мектептің жай-күйін көрген болатын.

— Ауыл жойылып бара жатқан ауылдардың қатарына жатпайды, ал, шалғайдағы ауыл балалары қала балаларымен бірдей жағдайда білім алуға әбден құқылы. Балаларды аудан орталығындағы мектепке республикалық жолмен күн сайын тасымалдау қауіпті, сондықтан мұнда жаңа мектеп керек, - деген болатын облыс әкімі сол кезде. 

Жаңа мектепті жоспарлау мен жобалаудың барлық стандартты рәсімдерін жүргізу екі жылға созылатын еді, сондықтан, ғимаратты инвестор салып, содан кейін дайын нысан бюджет есебінен сатып алынады деген шешім қабылданған болатын.

Фото: Валерий Бугаев

Бұл жұмыстарды әлдеқайда жылдамдатуға, ұзаққа созылатын конкурстық рәсімдерді өткізбеуге мүмкіндік берді.

- 100 орындық мектеп 4 айда тұрғызылды және бүгін Моисеевка ауылының оқушылары жаңа заманауи мектепте білім ала алады. Дайын нысанды инвестордан сатып алу туралы шешіміміз уақытты үнемдеуге септігін тигізді, - деп атап өтті өңір басшысы.

Асайын Байханов ұстаздар мен оқушыларды жаңа ғимаратымен құттықтады.

Оқу сыныптарынан басқа, спорт залы, акт залы, жабдықталған информатика, химия, физика кабинеттері, заманауи интерактивті жабдықтар бар.

Фото: Валерий Бугаев

Оқу шеберханаларының саны 5-тен 12-ге дейін ұлғайды. Аулада жасанды жабыны бар футбол алаңы, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, жылыжай пайда салынды.

2024 жылдың қаңтарынан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық ашылады.

Фото: Валерий Бугаев

Ауыл ақсақалдары мектеп салу туралы шешім қабылдағандарға ризашылығын білдірді.

- Алғысымыз шексіз - бұл өте дұрыс қабылданған шешім болды. Егер ауылда мектеп болса, онда ауылдың болашағы бар!

 

Фото: Валерий Бугаев