Павлодарда күн сайын үш мың тоннаға жуық қар шығарылуда
22:35, 26 Желтоқсан 2017
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы шамамен үш мың тонна қар шығарады. Бұл жұмысқа 120 техника жұмылдырылып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
«Көктайғақтан кейін қалың қар түсті», - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. - Сондықтан күшейтілген режімде жұмыс істейміз. Таңертең көшелерді қардан аршуға 120 техника шықты. Оның ішінде сыпыратын, жүк тиейтін және қар шығаратын машиналар бар. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен 200 техника қатарға қосылған. Ауысым бойынша күні бойы жолдар тазаланатын болады. Коммуналдық қызмет 10 желтоқсаннан бастап қар тазалауға белсенді кіріскен. Бүгінге дейін 16,5 мың тонна қар шығарылды».