Павлодарда Құрбан айт күндері 20 қазан палау пісіріледі

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Құрбан айт мерекесіне арналған шаралар 11 тамыз күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәшһүр Жүсіпмешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлының айтуынша, мерекелік шаралар 11 тамызкүні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

«Жылдағыдайсаябақтағы шарамыз ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Жолдас Қоспақұлыныңқұттықтауымен басталады. Облыс орталығында орналасқан 7 мешіттің әрқайсысы үшқазан палау пісіреді», - деді Қанат Қабдыкәрімұлы.

Сондай-ақ кешкісағат 18:00-ге дейін күрес, арқан тартыс және өзге де ұлттық спорт түрлеріненжарыстар өткізіліп, балаларға сыйлықтар таратылмақ.

Айта кетейік,Құрбан айт мерекесі облысымыздағы барлық мешіттерде таңғы сағат 7:00-де айтнамазын оқумен басталады.

Қалалық әкімдіктіңмәліметінше, мереке күндері яғни, 11, 12 және 13 тамызда Павлодар қаласындақұрбандық шалу рәсімін ұйымдасқан түрде өткізу үшін «Құлагер» ипподромында(Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ) арнайы алаң анықталды. Ондамал сою және сату қызметтері ұсынылады. (№ 1, 6, 7, 10 трамвайлары жүреді).Жұмыс уақыты: сағат 08.00-ден басталады.

Соңғы жаңалықтар