«22 қазан күні, сағат 9.20 шамасында Баянауыл ауданы, Майқайың ауылындағы құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан ЖШС-нің бірінің монтаждаушысының үстіне тақтай құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.