Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты Павлодар қаласында 7 қыркүйек күні болды. Салдарынан бір қыз көз жұмды.
Қызынан қапыда айырылған Шынарға құны 8,5 миллион теңге болатын жиһаздары бар үш бөлмелі баспана сатып алынды. Сол күні клуб өзінің Instagram парақшасында зардап шеккен отбасыға көмек жинауды бастағанын хабарлаған. Кейін еріктілер мен облыстық білім саласының өкілдері қосылып, көмекті бірге жасады. Нәтижесінде қайырымдылық мақсатта 20 миллион теңге жиналған.
Қалалық білім беру басқармасы, Шынар Уалитованың жаңа пәтерге кейінірек көшетіндігін және оған аздаған жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігін хабарлады.