Polisia.kz ақпараттық медиа порталының мәліметінше, полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцина жасау қызметін атқарған. Ол сондай-ақ азаматтарға екпіне өтірік жасап, сол үшін олардан бірнеше мәрте ақша алған. Күдікті алған ақшаның жалпы сомасы 160 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Павлодар қаласында медициналық қызметкерлер вакциналаудың жалған төлқұжаттарын жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Емхананың меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері, сондай-ақ екі мейірбике адамдарды белгілі бір сомаға вакцина алғандар туралы мәліметтер базасына тіркеп отырған.