Павлодарда медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал ететін меморандумға қол қойылды
деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Келісім сапалы медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтау ресурстарының дамуына, кадр саясатының тиімді құрылуына бағытталған. Бұл Павлодар облысы инфрақұрылымының дамуына бағытталған ғылым мен денсаулық сақтау тәжірибесі, білім интеграциясы. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың кәсіби оқу негізінде білікті кадрлармен іріктеліп сайлануы қарастырылды. Павлодар қаласының дәрігерлері қазіргі заманғы білім бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі, жоғары кәсіби мамандардан шеберлік сабақтарынан және денсаулық сақтаудың басымдығы бойынша тренингіден өтеді.
Е. Арын атап өткендей, Павлодарда кардиология орталығы, онкологиялық диспансер және перинаталды орталық кіретін медициналық кластер құру керек. Ақсу және Екібастұз қалаларында денсаулық сақтау базасы құрылатын болады.