Павлодарда акция басталғалы бері әлеуметтік қорғаудағы отбасылардың 2250 баласы 7 миллион теңге соманың көмегін алды. Оқу жылы басталардың алдында облыс орталығында сондай-ақ, 200-ден астам кәсіпкер мен ұйымның қатысуымен мектеп жәрмеңкелері өткізілді.
Сонымен бірге, көмекке мұқтаж балалар оқу жылы бойына қалалық бюджеттен, жалпы білім беру қорынан 89 миллион теңге соманың тамағын, киім-кешегін және кеңсе заттарын алатын болады.
Өз сөзінде қала әкімі Б.Жоламанов, «Мектепке жол» акциясын жалғастырып, әлеуметтік қорғаудағы отбасылардың оқушыларына тұрақты қолдау көрсетіп отыру қажеттігін атап көрсетті.