Павлодарда мектептен 485 адам эвакуацияланды
Шараны қалалық төтенше жағдайлар басқармасы жедел-құтқару жасағының жедел қызметтерімен бірге адамдар көп жиналатын ғимаратта ұйымдастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Кіші және жоғары сынып оқушылары, қызметкерлер сыртқа шығарылды. Өрт сөндіру қызметі шартты түрде мектептегі өртті сөндірді. Оттың таралуын болдырмау мақсатында жапсарлас үй-жайларды қорғауға оқпандар берілді»,- дейді қалалық ТЖБ-ның инженері Аяжан Жасұланов.
Аталмыш акцияның мақсаты - оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлерді шұғыл жағдайларда іс-қимыл жасауға үйрету. Бұл күні өрт сөндірушілер ұлдар мен қыздарға өрт сөндірушінің жұмыс ерекшеліктері, тыныс алу органдарын қорғау құралдары және арнайы қорғау костюмдері туралы айтылды. Арнайы техника мен жабдықтар көрмесін ұйымдастырды. Өрт сөндірушінің киімін киіп, өрт сөндіру автокөліктерінің рөліне отыруға мүмкіндік берді.