«21 сәуірде сағат 8:04-те Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы № 28 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Төрт қабатты ғимараттың екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр аумақта өрт (шатыр) болды», - деп хабарлады Павлодар облысындағы ТЖД.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.