Павлодарда «Мемлекеттік қызмет алу үшін – трамвайға кел» акциясы басталды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда консультациялар және Egov порталында жұмыс істеу бойынша көрнекі ақпаратты алуға болатын трамвай жүреді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,«Мемлекеттік қызмет алу үшін – трамвайға кел» акциясының бастамашылары -Павлодар облысы әкімінің аппараты, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ,сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстықфилиалы.

«Вагонда көрсетілетін қызметті алушыларға арналғантиісті сыртқы жарнама, ал вагонның ішінде бүктемелер, кітапшалар, жаднамаларорналастырылған», - деді баспасөз қызметінде.

Одан басқа,трамвай салонындағы теледидарда Egov порталында жұмыс істеу бойынша көрнекіконсультациялар мен бейнероликтер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, жолаушылар біржолғы SMS құпиясөз арқылы 44 әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметті алу үшін вагонда«Электронды үкіметтің» мобильді азаматтар базасында тіркеуден өте алады.

«Мемлекеттікқызмет алу үшін – трамвайға кел» акциясы бүгін, 12 тамызда сағат 10:15-те басталды.Арнайы вагон Солтүстікөнеркәсіп аймағы, 258 мекенжайы бойынша орналасқан трамвай депосынан жүреді.Сондай-ақ, оқыту акциясы шеңберінде Egov порталының Телеграм-боты көрсетіледі.Оның көмегімен мессенджер пайдаланушылары түрлі анықтамалар алып, медициналықұйымға тіркеліп, ХҚКО-ға кезекке тұра алады. Аталған акцияның арқасында мамандар «Электрондық үкімет» порталындаэлектрондық мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығынкөрсете алады.

«Себебі, бүгінгі күні қандай да бір анықтаманы халыққақызмет көрсету орталығында алу үшін кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Egov арқылы лицензияны ресімдеу үшін тек ЖСН қажет (барлыққалған деректерді автоматты сұраулардың көмегімен алады). Коммуналдық қызметтермен айыппұлдарды онлайн төлеуге болады, бизнесті дербес тіркеп, баланыңбалабақшадағы кезегін кез келген уақытта білуге болады», -деді әкімдікте.

Соңғы жаңалықтар