Павлодарда қазақ тілін еркін меңгерген орыс тілді жастар арасындағы байқау кеше аяқталды. Байқауға қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары, оқитын және жұмыс істейтін мемлекеттік тілді меңгерген 14-тен 22 жасқа дейінгі жастар қатысты.
Олар лексика-грамматикалық тест бойынша тапсырмаларды орындап, эссе жазды және қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысты.
Облыстық байқау жүлдегерлерінің қатарында Екібастұздан Альбина Кицул, Павлодардан Елена Шестопалова және Қашыр ауданынан Дарья Мендрышора бар.