Павлодарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қазбек Арантаев тағайындалды.
Қазбек Оразұлы 1979 жылы туған, жоғары білімді. 2001 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған.
2005 жылдан 2023 жылға дейін құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2023-2024 жылдары Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы болып еңбек етті.
2024 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол 2022-2025 жылдар «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарып келген.