Павлодарда «Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным! Менің Байрағым!» патриоттық акциясы өтті
14:23, 04 Маусым 2011
ПАВЛОДАР. 4 маусым. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда «Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным! Менің Байрағым!» патриоттық акциясы өтті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
Мемлекеттік рәміздер күнін павлодарлық жастар салтанатты шеру ұйымдастырды. Қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқушылары қаланың орталық көшелерімен көлемі 5х10 метрлік Мемлекеттік жалауды жайып алып өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында сондай-ақ өз кәсіптерінде жоғары жетістіктерге жеткен жастарды, халықаралық жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Он екі бозбала мен бойжеткенге «Жыл патриоты» дипломдары табыс етілді.
Акцияны қорытындылаған павлодарлықтар Мемлекеттік жалауды эстафета бойынша Екібастұздың жастар бірлестіктеріне табыс етті.