Павлодарда МЕТРО көтерме сауда орталығы ашылды
Көлемі 7,8 мың шаршы метр аумақты алып жатқан сауда алаңының сөрелеріне сатуға 25 мың атаудағы тауарлар қойылған.
«Павлодарда жалпы сауда желісі ұдай кеңейе түсуде, жаңа көтерме сауда магазині облыс орталығында сауда қызметін дамыту шін өте маңызды, - деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Манат Көбенов. - Мұнда өнім құны онша қымбат емес, тауарлардың мол түрі бар, ол аймақта бағаны тұрақтандыруда үлкен рөл атқармақ".
Сауда кәсіпорыны 150-ден астам жұмыс орындарын ашты. Жергілікті 400 жеткізушілермен ынтымақаса отырып, «МЕТРО Қазақстан» өзінің 90 пайыздан астам өнімдерін жергілікті өндірушілерден сатып алады, бизнесті дамытуды, шағын және орта бизнесті қолдайды, фермерлерге өз құнына сәйкес арзан бағалар қоюға көмектеседі.