Instagram желісіндегі tipavlo-да парақшасында жедел жәрдем және патрульдік полиция көліктері түсірілген видео пайда болды.
- Омбы тас жолында, «Джучи» мейрамханасының жанындағы өткелде 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті, - делінген видеода.Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді жедел жәрдеммен №1 қалалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.
- Оларға аяқ-қолдардың сынуы диагнозы қойылған, бірақ шок алмаған, естерін біледі, - делінген хабарламада.Зардап шеккендер барлық қажетті емді алады.