Талдау нәтижесінде кәсіпорынның Ақсу қаласындағы аталған нарықта 100 пайыздық үлеспен монополиялық жағдайға ие екені белгілі болды.
Департаменттің мәліметінше, серіктестік объективті негізделген себептерсіз бірдей талаптардағы келісімшарттар бойынша контрагенттерге әртүрлі тарифтер қолданған.
— Осыған байланысты кәсіпорынға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Хабарлама талаптарын орындау нәтижесінде «Ақсу-Полигон» ЖШС нарықтағы барлық контрагенттер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер жасасты, — деп хабарлады ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.
Еске сала кетейік, Павлодарда тамыз айынан бастап ауызсу тарифі өзгереді.