Облыс орталығында екі қабатты монша кешені өртенді.
Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«13 шілде күні сағат 17.09-да өрт туралы хабар түсті. Елгин көшесінде жеке меншік аумақта екі қабатты монша өртенген. Оқиға орнына 24 қызметкер мен 6 өрт сөндіру қызметінің техникасы, жедел құтқару жасағы және медициналық апаттар орталығы қызметкерлері барды. Өрт сағат 17.25-те сөндірілді», -деп мәлімдеді департаменттен.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылған еді.