Байқауға өз жұмыстарын жіберген авторлар 7-18 жас аралығында. Құрамына кәсіби суретшілер, үйірмелер мен студиялардың басшылары енген қазылар алқасы атап өткендей, барлық жұмыстар даралығымен ерекшеленеді.
Саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнайы түзеу мектебінің оқушылары - 10 жасар Ксения Соловьеваның суреті мен 17 жастағы Жамбыл Жармағамбетовтың «Менің Ертісім» атты туындысы «Көркемсурет өнері» аталымында үздік танылды.
«Сәндік-қолданбалы өнер» атылымында Ақсу қаласының тұрғыны Қайрат Әліпбаевтың «Аққулар әні» панносы, Айдана Тайлақованың «Павлодар өлкесінің жылуы» атты (тұзды қамырдан жасалған) жұмысы марапатталды.