Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты АШМ жауапты хатшысы пікір білдірді
«Павлодарда нан қымбаттағаны туралы факті таңертең анықталды. Онымен министрлік айналысады. Бірақ Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасы өзгермейді. Бүгінде республика бойынша нанның орташа бағасы – 76,1 теңге. Бірақ әр өңірде әртүрлі баға, өйткені шикізат жеткізуге кететін шығындар есептеледі. Ең төменгі баға – Солтүстік Қазақстанда», - деді ол Алматыда алғаш рет тойланған Нан күні мерекесінде.
Марат Оразаевтың айтуынша, қорда былтырғы өнімнен қалған 5,1 миллион тонна астық бар.
Бұған дейін министрлік өкілдері әлеуметтік нанның бағасы өзгермейді деп сендірген болатын.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Павлодарда әлеуметтік нанның бағасы 85 теңгеден 105 теңгеге көтерілді деген ақпарат пайда болғаннан кейін, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен қала әкімдігі арнайы мониторинг жүргізген.
Авторы Еламан Тұрысбеков