Павлодарда «Нефтересурс сервис» ЖШС-нда жанармай сақталған резервуар өртенді
Сол мезетте шамамен сағат 14.28-де облыстық ТЖД кезекшісінің тетігіне «Нефтересурс сервис» ЖШС аумағында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Алдын ала болжам бойынша, зауыттың сұйықтықты сақтауға арналған қоймасынан жанармай сыртқа ағып, өрт шыққан.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға жеті техника жіберілді. Өрттің шығу салдары мен келтірілген шығына кейінірек анықталады», - деді баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ аталмыш сайтта өртің салдарынан екі адамның зардап шеккені айтылады.
«Бізге түскен науқастың бет-ауызын екінші, үшінші дәрежелі күйік шалған. Жасы 37-де. Жағдайы орташа. Бірақ әлі де бақылап жатырмыз. Сондай-ақ, биіктіктен секірген кезде 46 жастағы азамат жамбасын ауыртып, табан буынын созып алған. Жеңіл дәрежеде жарақат алған ол оқиға орнынан үйіне қайтарылды», - дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасы күйік бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.