Павлодарда нөсер жауыннан кейін су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр, хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 шілдеде қатты жауын-шашын салдарынан Павлодар қаласында көшелер мен ауланы су басқан болатын.

Нөсер жауыннан кейін 5 мың үй жарықсыз қалып, бағдаршам істемей қалды.