Павлодарда өгей әкесі баланы үстелді жинамағаны үшін ұрған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысының полиция департаменті 5-сынып оқушысының соққыға жығылу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментi хабарлады.

Фото: freepik.com

Өгей әкесі күдікке ілініп отыр. Кәмелетке толмаған балаға қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

— 4 наурызда өгей әкесі кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды, — делінген Павлодар облысы Полиция департаментi хабарламасында. 

Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты.

Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Айта кетелік Павлодарда ішімдікке тойып алған мектеп күзетшісі оқушыны ұрғаны туралы жазған едік