Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 730 мың тонна болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 670 мың тоннадан асқан жоқ.
Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков мәлімдеді.
— Барлық өндірістік шығарындылардың 46,5%-ы Екібастұзда, 27,07%-ы — Ақсуда, ал 25,2%-ы Павлодарда қалыптасады. 2025 жылы өңір бойынша атмосфералық ауаға тасталатын шығарындылар лимиті 25 мың тоннаға — 926,6 мыңнан 901,5 мың тоннаға дейін төмендетілді. Бұл мемлекеттік экологиялық сараптама аясында жобалық шешімдерді қарау кезінде соңғы үш жылдағы нақты мәліметтер бойынша лимиттерді анықтауға байланысты болып отыр, — дейді ол.
Соңғы 5 жылда нақты шығарындылар көлемі шамамен 60 мың тоннаға азайған. Бұл тарапта «Қазақстан алюминийі» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауыты, Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2 сияқты ірі кәсіпорындарының табиғатты қорғау іс-шараларына басымдық беріп отырғанын атап өткен абзал.
Еске сала кетейік, депутат Павлодар облысында тәуелсіз экологиялық аудит жүргізуді сұрады.