Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті
10:17, 21 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті. Ол орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұстаздың жағдайы тұрақты деп бағаланады.
«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі бірінші қалалық аурухананың терапевтік бөліміне жатқызылды, - деді басқармадан.
Еске салсақ, Павлодардағы өрт №28 мектеп шатырының шамамен 200 шаршыметрін шарпыды.