«№3 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушысы 27 литрлік газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.
Өрт Павлодар қаласының «Энтузиаст» бау-бақша шаруашылығында орын алған», - деп мәлімдеді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«101» пультіне өрт туралы хабар 21:35-те келіп түскен. Кірпіштен тұрғызылған бір қабатты үйдің ағаш құрылмалары 80 шаршы метр ауданда жанып жатқан, деп нақтылады Төтенше жағдайлар департаментінен.