Павлодарда өрт сөндірушілер баланы жанып жатқан пәтерден алып шықты

18 желтоқсан күні түскі сағат 15:28-де Павлодар қаласындағы 101 пультіне пәтердегі өрт туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: видеодан алынған кадр

ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу оқиға орнына келді. Ермак көшесіндегі үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Ауданы
10 шаршы метр жерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранды. 

Пәтерде әжесімен бірге қалған 2015 жылы туған бала болды. Белгілі болғандай, әжесі дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Оқиға орнына жеткен газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды.

Бала апаттық медицина орталығы қызметкерлерімен тексерілді жеңіл жану заттарымен улану диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызу қажет емес екені анықталды. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат 15-58 жойылды.