Павлодарда «Ортеке: балаларға арналған әдебиеттер топтамасы» жарық көрді

None
АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы «Brand Print» баспаханасының «Парасат» баспа бөлімі 7 тамызда «Ортеке: балаларға арналған әдебиеттер топтамасы»  атты оқулықтардың тұсаукесерін өткізеді.

«Парасат» баспа бөлімінің редакторы  Әйгерім Пішенбайқызының айтуынша, алғашқы топтамаға 11 кітап еніп отыр. Оның ішінде М.Кененбаевның 3-4 және  5-7 жастағы балаларға арналған  «Математика», М.Шакарманованың «Әдептілік әліппесі», «Ата насихаты», «Тапқышбек», «Мұрагер», «Тілашар», Н. Дүкенбайдың «Музыка» оқулықтары бар.

Олардың көркемдеуші-суретшілері М.Омарова, К.Дарьянова, Н.Геннеберг, Л.Ульданова, О.Данильчук. Алдағы уақытта ол өз жалғасын тауып, топтамадағы кітаптар саны одан ары ұлғайтылады деп жоспарланып отыр.